Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды
Жұмысшылардың өміріне қауіп төнбеген
Қашаған кен орнында газдың таралуына байланысты мұнай өндіру тоқтатылды, деп хабарлайды NCOC баспасөз қызметі.
Бұл ақпаратты Солтүстік Каспий жобасының операторы North Caspian Operating Company растады.
3 тамызда өндірістік учаске аумағында газдың таралуы анықталды. Осыған байланысты «Болашақ» кешенінің мұнай-газ өңдеу зауытында қауіпсіз тоқтату жұмыстары жүргізілді. Стандартты рәсімге сәйкес, өндірістік нысандарда газ датчиктері жұмыс істегеннен кейін факель жүйесіндегі қысым түсірілді, - деп жазылған хабарламада.
Болған жағдай адамдардың өміріне қауіп төндірмеген.
«Батыс Ескенедегі ауа сапасын бақылау станцияларында ластаушы заттардың рұқсат етілген концентрациясы шекті нормадан аспаған. Бүгінде өндірістік операцияларды қайта бастау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнай өндіру тез қалпына келеді деген үміттеміз», - деп жазылған хабарламада.