Депутат елімізде кедейлік пен ең төменгі күнкөріс шектерін арттыруды ұсынды
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанда кедейлік пен ең төменгі күнкөріс шектерін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік банк әлемдегі кедейліктің екі шегін қарастырған: табысы орташадан төмен елдер үшін күніне бір адамға 3,2 доллар, табысы орташадан жоғары елдер үшін 5,5 доллар. Ал Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі - 2,8 доллар. Ресейде бұл көрсеткіш - 6 доллар.
Елімізде былтырғы статистика бойынша күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны - 998 мың. Ал бейресми сарапшылар бұл көрсеткіштің 1,5 млн, тіпті одан да жоғары екенін айтады.
Саировтың сөзінше, ІЖӨ еселеп өсуіне қарамастан, Қазақстан ондаған жыл бойы кедейлік шегін көтермей келеді. Бүгінде ең төменгі күнкөріс деңгейі жөнінен әлемдегі жағдайы ең төмен елдердің біріміз. Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің деңгейінде тұрмыз. Ал Еуропа елдерінде кедейлік орташа табыстың 60% деңгейінде белгіленеді.
Сонымен бірге, пандемия басталғалы бері инфляцияның өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдердің тиімділігі төмендеген. Мысалы, Қазақстанда халықтың ең аз қамтылған 40% өз бюджетінің 59% азық-түлік өнімдеріне жұмсайды. Кей кездері бұл көрсеткіш одан да жоғары.
Елімізде азаматтардың төмен әлеуметтік жағдайының екі индикаторы бар: ең төменгі күнкөріс шегі және кедейлік шегі. Кедейлік шегі, ең төменгі күкөріс шегінің, яғни 36 мың теңгенің 70%-ын құрайды. Бұл ертедегі үкіметтердің халыққа ақшаны аз төлеу үшін істеп қойған «қулығы». Яғни, әлеуметтік көмек алғың келсе, «сіңір кедей» болуың керек, - дейді депутат.
Соның кесірінен 2020 жылы бағаның тұрақты өсуіне байланысты әлеуметтік көмекке сұраныс өсіп, зәру адамдардың саны артса, атаулы әлеуметтік көмек алатындар керісінше азайған.
Сондықтан кедейлікпен күресу үшін депутат үкіметке мынадай шараларды қарастыру қажет деп есептейді. Олар: