Тек олар біздің елде тұруға рұқсат алғанын растауы қажет
Қазақстан аумағында 5 шет елдің азаматтарына жеке кәсібін ашуға рұқсат етілген. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы Сания Мұхаметжанова айтты.
Біздің елімізде Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Армения елдерінің резиденттері жеке кәсібін аша алады. Оларға кәсіпкер ретінде тіркелуге рұқсат етілген. Дегенмен осы аталған 5 елдің азаматтары Қазақстанда тұруға рұқсат алғанын растауы қажет, - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, бұл мемлекеттерден басқа елдердің резиденттері Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркеле алмайды.