«Руслан Жақсылықовтың «Кобра» техникасын сатып алуға қатысы бар». Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Халық үні

Қорғаныс министрлігі отандық ақпарат агенттігінде шыққан материалға қатысты жауап берді.

Руслан Жақсылықов, Қорғаныс министрі

Аталған материалда қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ның қорғаныс ведомствосына қоятын талаптары және олардың ресейлік және түрік өндірушілеріне басымдық беріп, қазақстандық қорғаныс өнеркәсібіне зияны тиіп, оның тоқталуына әкеп соғуы мүмкін деген болжамдар туралы жазған.

«Елдің қорғаныс қабілетіне жауап беретін Қорғаныс министрлігіне қару-жарақ пен әскери техниканың сан түрі қажет екенін атап өтеміз. Бұл ретте әскери ведомство отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарына да басымдық беретіні анық.Тәуелсіздік жылдарында Қорғаныс өнеркәсібі әскерге қажет өнімді, яғни кеме жасауды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын, оптикалық-электрондық жүйелерді, броньды танк техникасын өндіру мен жөндеуді өндіру және оқшаулау бөлігінде белгілі бір жетістіктерге жетті. Қару-жарақ пен әскери техникаға деген ішкі нарықтағы қажеттілік елеусіз. Сондықтан бұндай өнім шығарушы өз өнімін әртараптандырып, экспорттау бағытын да ұстануы керек», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Олардың айтуынша, Қорғаныс министрлігі әскери техника мен қару-жарақты сатып алу кезінде олардың тактикалық-техникалық, пайдалану сипаттамаларына, сондай-ақ баға мен сапа көрсеткішінің арақатынасын ғана бағдарлайды.

«Қорғаныс министрі де, кез келген лауазымды тұлға да, тек арнайы құрылған алқалы орган ғана әскери сарапшылардың, ғалымдардың, Қарулы күштердің жауынгерлік құрамы мен ықтимал ұрыс қимылдарының сипаты негізінде қандай қару-жарақ пен қандай техниканы сатып алуды анықтайды. Әлемнің бірде-бір елі қандай да бір қару-жарақтың, қандай да бір үлгісін, жарақ түрі мен санының неге сатып алынатыны жайлы егжей-тегжейлі жайып салмайды», - делінген ведомство жауабында.

ҚОРҒАНЫС ТЕХНИКАЛАРЫ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» құрылтайшыларының бірі – Paramount Group Limited – қорғаныс және аэроғарыш техникасына маманданған Оңтүстік Африка корпорациясы. Оның бронды техникасы қазақстандық машинаның прототипі. Бастапқыда «Арлан» БК Оңтүстік Африкалық «Marauder» бронды транспортерінің көшірмесі ретінде шығарылды.

2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасы компаниясының үлгілес «КПИ» ЖШС Singapore Technologies Kinetics-пен (STK) 90 млн еуро сомасына брондалған көлікті жеткізу жөнінде мәміле жасасты.

Алайда 2016 жылдан бастап бұларды жеткізуді толық жүзеге асырмады. Сөйтіп 2018 жылдың ақпан айында STK PCS банкрот деп жариялауға өтініш берді.

2018 жылы Оңтүстік Африка компаниясы қаржылық қиындықтарға және өз міндеттемелерін уақтылы орындамауына байланысты банкрот деп жарияланып, өз қызметін тоқтатты.

«Бұдан басқа, «Марадер» және «Матадор» минаға қарсы күшейтілген қорғанысы (MRAP) бар брондалған автомобильдер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге, шекара патрульдеуге арналған, сондай-ақ олар Қарулы Күштердің іс-қимылына ғана емес, бітімгершілік миссияларға да қатысады. Кең ауқымды маркетингтік акцияға қарамастан, бұл бронды транспортерлердің түрлері Оңтүстік Африка армиясында жоқ, ал шыққан 25 бронды транспортер Оңтүстік Африка полициясының бөлімшелеріне берілген болатын.Қазіргі уақытта Оңтүстік Африка Республикасындағы «Paramount Group» компаниясы «Марадер» және «Матадор» бронды автобильдерін шығаруды тоқтатты.Сонымен қатар Әзербайжанның қорғаныс өнеркәсібі министрлігі бұған дейін 45 «Марадер» және «Матадор» бронды көліктерін сатып алған, тағы 65 машина Әзербайжандағы «ЭВМ зауыты» кәсіпорнында шығарылған. Бұл өндіріс орны да жұмысын тоқтатты», - делінген хабарламада.

2008 жылы Paramount Group пен «KADDB» компаниясы (Иордания) «Марадер» БК бірлесіп өндіру туралы келісім жасасты. Сонымен қатар, иорданиялық кәсіпорын да топтап шығарған жоқ.

2011 жылы Грузия Қорғаныс министрлігі Ford Super Duty базасында әзірленген «Дидгори» бронды дөңгелекті көлігінің пайдасына «Марадер» БК өндірісінен бас тартты.

Осылайша, сұранысы жоқ өнімді шығаратын жалғыз компания «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС болып отыр.

Бүгін Оңтүстік африкалықтар технологиялар мен сызбаларды толығымен тапсырды» дегенге берер жауабымыз: модель өндірістен шығарылды, зауыт банкротқа ұшырады, бұл бронды көлік әлемнің ешқандай әскерінде пайдаланылмайды. Сондықтан техникалық құжаттама «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ге беріліп отыр. Құжаттама шығындары да осы серіктестік өнімінің құнына енгізілген, - делінген.

ТҮРІКТІҢ БРОНЬДЫ МАШИНАСЫНА ҚАТЫСТЫ

«Қорғаныс министрлігі тұрақты түрде қару-жарақ пен әскери техника нарығына мониторинг жүргізіп отыр. Қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін қабылдау тәртібі ресми нормативтік акт болып табылатындықтан қабылдау ережелеріне сәйкес нақты регламенттелген. Түріктің бронды көліктеріне келсек, олар да осы құжатта анықталған процедураға сәйкес зерделенетін болады.

Түріктің бронды машинасын сатып алу мәселесі сынақ қорытындылары бойынша ішкі ведомстволық кеңес беруші орган оң шешім қабылдаған жағдайда ғана қаралады.Қорғаныс министрлігінде қандай елдер «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС өнімдерін сатып алуды қарастыратыны, шетелдік тапсырыс берушілермен ниеттес шарттары бар-жоғы туралы мәлімет жоқ», - дейді Қорғаныс министрлігі.

Қазақстанның әскери ведомствосы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС өндірісін біржақты қолдады. 

2016 жылдан бастап 138 бірлік «Арлан» бронды көлігі сатып алынды. 2021 жылы 60 сервистік техникалық қызмет көрсетілді (2017-2018 жылдары әкелінген). 2022 жылы тағы да жауынгерлік модульдегі 10-ы жеткізіледі. 2023 жылға 20 бірлік «Арлан» сатып алу жоспарда бар.

Сондықтан 6 машинаға ғана тапсырыс берілгені жайлы ақпарат дұрыс емес. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұндай машинаның жалпы саны 168-ге жетіп отыр.

Бұдан бөлек, «КПИ» ЖШС-мен бірлесіп Қарулы күштер мүддесінде артиллерия атысын басқару машиналарын және радиациялық, химиялық, биологиялық барлау машиналарын шығару мәселелері пысықталу үстінде.

Сондай-ақ армия мүддесі үшін қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде бронды дөңгелекті машиналарды сатып алу қажеттіліктеріне сәйкес қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып жүзеге асатынын атап өтеміз.

Шетелдің осындай техника екі есе арзан дегенге «КПИ» ЖШС өнімінің бағасы жөнінде деректер:

  • «Арлан» БДМ (Қазақстан) - 424 945 440;
  • «Кобра 2» БДМ (Түркия) - 345 600 000;
  • «Aravis» БДМ (Франция) - 255 750 000;
  • «Cougar H» БДМ (АҚШ) - 218 550 000;
  • «Тигр» БДМ (Ресей) - 1920 000.

Ведомство баспасөз қызметі Қарулы күштерде түріктің «Отокар» компаниясынан 2011-2012 жылдары сатып алынған «Кобра» БДМ-ның 17 данасы қазір қолданылып жүргенін айтты. Оның техникалық өлшемдері Қарулы күштердің талаптарына сәйкес келеді.

«2011-2012 жылдары қазіргі Қорғаныс министрі генерал-полковник Р. Жақсылықов ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы болғанын және оның «Кобра» техникасын сатып алуға қатысы бар деген сөз де дәйексіз ақпарат және қоғамды жаңылыстыратын мәлімдеме», - делінген хабарламада.