Осыған дейін бұл тізімде 34 кәсіпорын болған
Қазақстанда тағы 9 кәсіпорын Жапонияға жылқы етін экспорттай алады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомство мен Жапонияның Ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екіжақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне тағы ет өңдейтін 9 кәсіпорын енгізілді:
Осыған дейін бұл тізімде 34 кәсіпорын болған. Енді Жапонияға өз өнімдерін сата алатын компаниялар саны 43-ке жетті.