Halyq Uni логотип
×

Жапонияға тағы 9 кәсіпорнымыз жылқы етін сатуға мүмкіндік алды

Осыған дейін бұл тізімде 34 кәсіпорын болған

 Дәурен Ерболат 04.08.2022 | 11:34
Жапонияға тағы 9 кәсіпорнымыз жылқы етін сатуға мүмкіндік алды
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда тағы 9 кәсіпорын Жапонияға жылқы етін экспорттай алады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ведомство мен Жапонияның Ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екіжақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне тағы ет өңдейтін 9 кәсіпорын енгізілді:

  • Kaindy ЖШС (Алматы облысы),
  • Asem-Zhetysu ЖШС (Алматы облысы),
  • Meat processing Complex Bizhan ЖШС (Ақмола облысы),
  • Asyl-Asyl (Атырау қаласы),
  • Kuanysh ЖК (Атырау қаласы),
  • Birlestic ШҚ (Қарағанды облысы),
  • Eurasia Invest LTD ЖШС (Қарағанды облысы),
  • Aray KZ ЖШС (Қарағанды облысы),
  • Beef Export Group ЖШС (Қостанай облысы).

Осыған дейін бұл тізімде 34 кәсіпорын болған. Енді Жапонияға өз өнімдерін сата алатын компаниялар саны 43-ке жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама