Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметінше, Қазақстан 2020 жылы Тайваньнан 80 млн 515 мың доллардың тауарын импорттаған. 2019 жылы көрсеткіш шамамаен 53 млн доллар болды.
Тайваньнан сатып алатын тауарлар ішінде ең бастылары:
- Машиналар, механикалық құрылғылар; оның бөліктері - $24 млн;
- Электр машиналары мен жабдықтары және олардың бөлшектері; дыбыс жазғыштар мен репродукторлар, теледидар - $19 млн;
- ойыншықтар, ойындар және спорттық керек-жарақтар; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары - $18 млн;
- Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар - $3,6 млн;
- Қымбат емес металдан жасалған құралдар, аспаптар, ас құралдары, қасықтар мен шанышқылар; олардың негізгі металдан жасалған бөліктері - $2,5 млн;
- Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, тексеру, дәлдік, медициналық немесе хирургиялық аспаптар - $2,1 млн;
- Темір жол немесе трамвай жылжымалы құрамнан басқа көлік құралдары, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары - $1,5 млн;
- Темірден немесе болаттан жасалған бұйымдар - $1,3 млн;
- Органикалық химия - $1 млн.
Ал Тайваньға экспорт көлемі 2020 жылы небары 14 млн долларды құрады. 2019 жылы көрсеткіш 4,1 млн ғана болған. Соңғы мәліметерге сай, Қазақстанның Тайваньға сататын тауарлары:
- Темір және болат - $11,4 млн;
- органикалық химиялық заттар; бағалы металдардың, сирек жер металдарының органикалық немесе бейорганикалық қосындылары - $2,1 млн;
- Майлы тұқымдар мен майлы жемістер; өнеркәсіптік немесе дәрілік мақсаттағы дәнді дақылдар, тұқымдар мен жемістер - $339 мың;
- Машиналар, механикалық құрылғылар, ядролық реакторлар, қазандықтар; оның бөліктері - $311 мың.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тайваньды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындамайды. Ресми мәлімдемелерде Тайвань аралы Тайпей деп аталады