Бүгінде АЭС-тің нақты қашан салынатынын белгісіз
Елімізде екінші атом электр станциясы Курчатов қаласының маңында салынуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Менің ойымша, Қазақстанда екінші атом электр станциясы Ертіс өзенінің бойында, Курчатов қаласының маңында салынуы мүмкін. Бағдарламаны дайындап, технологияны, қаржыландыру көзін нақтылау керек. Энергетика министрі айтқандай, осы жылдың аяғында ендігі жылдың басында тиісті ақпаратты береміз, - деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстанда атом стансасын салу мәселесі 90-жылдардың ортасынан бері көтеріліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы билікке келген кезде АЭС тек халықтың пікірін ескеріп қана салынатынын, тіпті қажет болса референдум өткізілетінін айтты. Алайда осыдан он ай бұрынғы жолдауында ҚР президенті Қазақстанға АЭС қажет екенін айтып, бір жыл ішінде қауіпсіз атом энергиясын дамыту мәселесін пысықтауды тапсырды.