Шетелден көлік әкелгісі келетіндерге ескерту жасалды
Соңғы уақытта Грузия мен Әзербайжан азаматтары Қазақстанға жиі көлік жеткізе бастаған
Үшінші елдерден әкелінген автокөліктерді тек кедендік тазартудан соң пайдалануға болады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Мұндай көліктер елімізге жеткізілген соң, қазақстандықтардың «иелегіне» беріледі. Алайда тиісті салық төленбейді.
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден (ЕАЭО құрамына кірмейтін елдер) уақытша әкелінген көліктер шетелдік тауарлар болып саналады және кедендік бақылауда болады. Осыған байланысты МКК уақытша әкелінген көліктерді Қазақстанда пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және тиісті кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана пайдалануға болатынын ескертеді, - деп жазылған хабарламада.
Заңға сәйкес,уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (1 жыл) автокөліктер ЕАЭО аумағынан шығып кетуі керек. Егер шығып кетпесе, ЕАЭО-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады.
Бүгінде бұл талапты орындамаған 116 автокөлік ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына қойылды.
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды көлікті сатып алғанда заң талабын сақтауды сұрайды.
Бұл мәселеге қатысты сұрақтар туындаса, төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:
- 8 7172 71 77 24 – МКК,
- 1414 – Байланыс орталығы.