Семейліктер жылуға 700 миллион теңгедей қарыз
181 млн теңге қарыз болған кәсіпорын да бар
Семей қаласында қарызын өтей алмай отырғандардың арасында бюджеттік мекемелер де көп. Олар жылу үшін 340 млн теңге берешек болып шықты. 181 млн теңге қарыз болған кәсіпорын да анықталған.
Оның барлығы жылудан ажыратылды. Ал тұрғындардың қарызы – 180 миллион теңге. Төлемді кешіктіріп келген борышкерлердің пәтерлері біртіндеп жылудан ажыратылып жатыр. Енді олар қарызды толық өтемейінше, қайта қосылмайды.
«Халық ішінде қарызды өндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 100 миллион теңгеге жуық берешегі бар заңды тұлғалар бар. Олар – жеке кәсіпкерлер мен акционерлік ұйымдар. Бізде өте проблемалы 14 борышкер бар. Мәселен, «Семей машина зауыты» АҚ 20 миллион теңге қарыз», - дейді Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.