Halyq Uni логотип
×

Еуропа елдері Қазақстанға Ресейді айналып өтетін жолдың құрылысына несие берді

Бұған дейін жүктің 95 пайызы Солтүстік дәліз арқылы өтіп келген

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2022 | 13:46
Еуропа елдері Қазақстанға Ресейді айналып өтетін жолдың құрылысына несие берді
Фото: gov.kz

Еуропа даму және қайта құру банкі «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясына Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасу жолдарын жетілдіруге 50 миллиард теңге инвестиция салады.

Банктің хабарлауынша, инвестиция Қазақстанға дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдауға, жүк транзиті операцияларын қайта ұйымдастыруға, пандемия салдарын жоюға және геосаяси өзгерістерге бейімделуге көмектеседі.

Бұл – ЕДҚБ-нің Қазақстан ұлттық валютасындағы облигациялар түріндегі алғашқы инвестициясы.

«Қазақстан Темір жолы» компаниясы банктің несиесін Транскаспий халықаралық көлік жолындағы маңызды инфрақұрылымдарды жетілдіруге жұмсайды. Бұл жол Ресейді айналып өтеді. Ол Еуропа мен Азия арасын жалғайды.

Бұған дейін Қытай мен Еуропа одағы арасындағы жүктің 95 пайызы Солтүстік дәліз арқылы өтіп келген. Ол Қазақстан, Ресей және Беларусь арқылы өтеді.

Енді Еуропа Ортаңғы дәліз арқылы жүк тасуға мүдделі болып отыр. Ол Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама