Halyq Uni логотип
×

Санкциялар салдарынан көмір тасымалы да қымбаттай түсті

Жағдайды АҚШ пен ЕО санкциялары ушықтырып отыр

 Еркеғали Болатұлы 25.07.2022 | 15:34
Санкциялар салдарынан көмір тасымалы да қымбаттай түсті
фото: ашық дереккөз

Әлемде көмір өндірісі 2027 жылға дейін өседі. Себебі газ бен жасыл энергетика қымбат деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Тіпті көгілдір отын мен мұнайды сатып алып жатқан Қытай мен Үндістан өз кеншілерін өндірісті арттыруға шақырды. Мұның бәрі елді жанармаймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіп, қымбат импорттық көмір мен газға тәуелділікті азайту үшін жасалып отыр.

Қытайда биыл 2 миллион тоннадан аса көмір өндірілген. Ал Үндістанда қаңтар-мамыр аралығында 393 миллион тонна өнім шығарылыпты. Дегенмен әлемде жанармай тапшылығы әлі де бар. Салдарынан баға үнемі өсіп жатыр.

Жалпы, жағдайды АҚШ пен ЕО санкциялары ушықтырып отыр. Соның өзі-ақ көмірдің қымбаттауын одан сайын жеделдетті. Өйткені көмір өзге қуат көздерінен арзан болғанмен, оның тасымалы өте қымбат. Ал тауар тасымалын өзгертуге тағы да сол санкциялар итермеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама