Смартфондар бір жылда 3%-ға қымбаттаған
Бүгінде ұялы телефондар арасында әлемдегі ең танымал бренд – Samsung, деп хабарлайды finprom.kz.
StatCounter дерегінше, биыл маусымда аталған компанияның әлемдік нарықтағы үлесі 28,24%-ға жеткен.
Екінші орында Apple (27,22%), үшінші орында Xiaomi (13,05%) тұр. Үздік бестікке Huawei мен Oppo енді.
Қазақстандағы ең танымал ұялы телефон – Samsung, нарықтағы үлесі – 35,68%. Кейінгі орындарда Apple (25,37%), Xiaomi (18,64%), Oppo (7,54%), Huawei (5,73%) тұр.
2022 жылғы бірінші тоқсанда әлемде жалпы 314,4 млн смартфон сатылған (International Data Corporation мәліметінше). Бұл былтырмен салыстырғанда 8,8%-ға аз.
Қазақстанда бір жылда ұялы телефонның бағасы 3,1%-ға өскен.
Ақтөбе облысында смартфон айтарлықтай қымбаттады, бір жылда – 21,5%.
Сонымен қатар Алматы (бір жылда плюс 6,3%) және Алматы облысында да (бір жылда плюс 5,6%) ұялы телефондар бағасы көтерілді.
Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында смартфон бағасы көтерілмеген: әр өңірде бір жылда – 0,4%.
Сондай-ақ Қарағанды облысы, елорда және Шымкентте баға шамалы төмендеген: бір жылда – 3,5%, 2,9% және 2,3%.