Қазақстанда азық-түлік қымбаттап жатыр
Өткен аптада қырыққабат, сәбіз, картоп арзандап, пияз бен күріш қымбаттаған
Елімізде шілденің басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,5%-ға көтерілді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Бір аптада азық-түлік тауарлары 0,2%-ға қымбаттаған, ал жыл басынан бері баға 17,8%-ға өскен.
Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 17,5%-ға көтерілген.
Өткен аптада төмендегі азық-түлік өнімдері арзандады:
- Қырыққабат – 5,4%,
- Сәбіз-1,3%,
- Картоп – 0,6%.
Сондай-ақ төмендегі тауарлар қымбаттаған:
- Пияз – 2,4%,
- Күріш – 0,7%.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретін кейбір өнімнің орташа бағасы:
- Сары май – 3 263 теңге/келі,
- Сиыр еті – 2 202 теңге/келі,
- Тауық еті – 1 144 теңге/келі,
- Рожки (таразыдағы) – 260 теңге/келі,
- Күнбағыс майы – 826 теңге/л.
Айта кетейік, ӘМАТ тізімінде 19 тауар бар.