Halyq Uni логотип
×

Елімізде тағы бір холдингті тарату ұсынылды

QazInnovations агенттігі мен Astana Hub паркі де біріктіріледі

 Дәурен Ерболат 15.07.2022 | 16:25
Елімізде тағы бір холдингті тарату ұсынылды
Фото: primeminister.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин президент тапсырмасын орындау үшін «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ын таратуды ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол жылдың басынан-ақ холдингті реформалау жұмысы басталғанын атап өтті.

Оның бірі жүйелік интегратордың қызметі цифрлық үкіметті қолдау орталығына берілді. Инновацияларды дамытудың бірыңғай экожүйесін құру үшін QazInnovations агенттігі мен Astana Hub паркін бір ұйымға, яғни Инновациялық технопаркінің құрамына біріктіру арқылы оңтайландыру ұсынылады. Ал ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамын тікелей Цифрлық даму министрлігіне қол астына беріп, «Зерде» холдингін таратуды ұсынамын, - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл процесс барысында холдингтің жобаларды іске асыру бойынша материалдары құзырлы органдармен қарастырылып зерделенеді.

«Есеп комитетімен талқылау кезінде холдинг қажетіне күмән келтірілген еді. Бұл ұсыныс квазимемлекеттік секторын реформалау тапсырмасына сәйкес келеді. Осылайша, жыл сайынғы әкімшілік шығындар үнемделеді», - деді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне ескерту жасаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама