Қазақстандықтар 3,2 млрд теңге үнемдейді
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Ол президент тапсырмалары бойынша қандай жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді.
Инфляция деңгейін тұрақтандыру үшін 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені іске асырылып жатыр. Халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілді. Осыған байланысты 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді. Бұл халықтың 3,2 млрд теңгеден астам қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді, - деді бірінші вице-министр.
Айта кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инфляция рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеген еді.