Halyq Uni логотип
×

Президент сынынан кейін коммуналдық қызмет тарифі 180 күн көтерілмейтін болды

Қазақстандықтар 3,2 млрд теңге үнемдейді

 Дәурен Ерболат 15.07.2022 | 14:55
Президент сынынан кейін коммуналдық қызмет тарифі 180 күн көтерілмейтін болды
Фото: express-k.kz

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Ол президент тапсырмалары бойынша қандай жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді.

Инфляция деңгейін тұрақтандыру үшін 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені іске асырылып жатыр. Халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілді. Осыған байланысты 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді. Бұл халықтың 3,2 млрд теңгеден астам қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді, - деді бірінші вице-министр.

Айта кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инфляция рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеген еді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама