×

Қазақстандағы инфляция рекордтық деңгейге жетті – Президент

Биыл ЖІӨ 2%-ға өседі

 Дәурен Ерболат 14.07.2022 | 10:55
фото: Zakon.kz

Еліміздегі инфляция 14,5% болып, рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен инфляция да бір орнында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5%-ға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті.

Халықаралық институттар Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биыл 2%-ға өседі деп болжап отыр. Бұған дейін олар 3,7% болатынын айтқан еді», - деді мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама