×

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда 17 млрд долларға жетті

Екіжақты сауда жаңа рекордтық деңгейге жетіп отыр

 Халық үні 26.01.2022 | 00:00
көрнекі фото: infosmi.net

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» атты мемлекет басшыларының саммитіне қатысты.

Бүгінде екіжақты сауда жаңа рекордтық деңгейге жетіп отыр. Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 17 миллиард долларға дейін жеткен. Қытайдың Орталық Азия елдеріне құйған 40 миллиард доллар инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі. Сондықтан біздің еліміздің Қытайға аймақтағы ең ірі сауда-инвестициялық серіктес атануы заңды, – деді Тоқаев.

Президент шетелдік инвесторларды, оның ішінде қытайлық серіктестерін одан әрі жан-жақты қолдауға мүдделі екенін жеткізді.

Қазір Қазақстан үкіметі инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа инвестициялық саясат әзірлеп жатыр. Мұндай саясат – еліміздің жаңа экономикалық бағдарының ажырамас бөлігі, – деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама