КҚК жұмысын тоқтату туралы сот шешімі айыппұлға алмастырылды

Ербол Тұрымбет

Қазақстан мұнайы КҚК арқылы штаттық режимде экспортталып жатыр

фото: azh.kz

Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтату туралы сот шешімі айыппұлға алмастырылды Ресейдің Краснодар өңірлік соты Каспий құбыр консорциумы жұмысын тоқтата тұру жөніндегі шешімді өзгертіп, оны айыппұлға алмастырды. Консорциумға 200 мың рубль айыппұл төлеу міндеттелді, ТАСС агенттігі.

Краснодар өңірлік сотының судьясы 200 мың рубль айыппұл төлеуге өзгертіліп, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Еске салсақ, Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын.

Осы жағдайға байланысты ҚР президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды. Кейін ҚР Энергетика министрлігінен Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумының құбыр желісі арқылы штаттық режимде экспортталып жатқанын мәлім етті.