Тұрғындар көбінесе қарақұмық жармасын тұтынады
Жыл басынан бері жарма бағасы 16,6%-ға, бір жылда 27,1%-ға өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.
2022 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша жарма бір айда 2,7%-ға қымбаттаған.
Айлық динамикада арпа жармасының бағасы – 4,5%-ға, ұнтақ жармасы – 3,4%-ға, сұлы жармасы – 2,8%-ға, қарақұмық жармасы –2,6%-ға, жүгері жармасы – 2%-ға, тары жармасы – 1,3%-ға көтерілген.
Жылдық динамикада қарақұмық 33,3%-ға, арпа – 30,3%-ға, ұнтақ жармасы – 22,3%-ға, сұлы – 21,8%-ға, тары – 16,1%-ға, жүгері – 11,6%-ға қымбаттады.
Қазақстандықтар арасында ең танымал жарма – қарақұмық.
Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қарақұмықты тұтыну жан басына шаққанда – 1,5 келі, бір жылда плюс 0,2%.
Сондай-ақ ұнтақ жармасын тұтыну 10,3%-ға, жан басына шаққанда 410 грамға дейін, ал сұлу жармасын тұтыну – 2,4%-ға, 243 грамға дейін, тары жармасы – 5,2%-ға, 184 грамға дейін азайған.