×

Есеп комитеті Ұлттық қор қаржысының жұмсалуын тексермек

Мұнай өнімдерінің бағасы да басты назарда болмақ

 Халық үні 22.01.2022 | 22:30
фото: ашық дереккөзден

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Президенттің жаңа экономикалық саясаты туралы айтты.

Кеше біз Мемлекет басшысының кезекті маңызды бағдарламалық сөзінің куәсі болдық. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің экономикалық саясатын түбегейлі қайта жаңғырту бағытын белгіледі. Оны іске асыру тетіктерін айқындап, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша нақты міндеттер қойды, – деді ол.

Маман экономиканың жаңа моделінің қағидаттарын қолдай отырып және оларды талдай отырып, мыналарды ерекше атап өтті.

  1. Салықтық әкімшілендіру тиімділігінің жеткіліксіз деңгейі. Салық төлеуден жалтару, бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша артық төлемді ұлғайту, салықтық тексерулер мен камералдық бақылаудың нәтижелілігін төмендету бойынша мәселелер сақталды.
  2. Әлбетте, бүгінгі жағдайда Ұлттық қордың қаражаты талап етілуі мүмкін. Алайда, салықтық әкімшілендірудің сапасын арттыру, квазимемлекеттік сектор субъектілерін реформалау және жекешелендіру өте маңызды ресурстар бере алады.
  3. Квазимемлекеттік секторды реформалау. Есеп комитеті Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2019-2021 жылдар аралығында негізгі ұлттық компаниялар мен холдингтер қызметінің тиімділігіне талдау жүргізгені белгілі. Олар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» ҰБХ, «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ, Қазпошта және т. б.

Мәселен, жүйелі проблемалардың қатарында конкурссыз және көбінесе үлестес компанияларда (77% - бір көзден) өткізілетін сатып алудың елеулі үлесінің ашық еместігі, сондай-ақ дивидендтік саясатты реттеудің болмауы анықталды. Бұл төленген дивидендтердің көлемі алынған кіріске сәйкес келмеген кезде (1 992 млрд теңге кіріске 143 млрд теңге дивиденд), – деді Годунова.

Комитет төрайымының айтуынша, жалпы, Президент ұсынған шаралар негізгі проблемаларды шешуге, халықтың табысын арттыруға, қоғамдағы мүліктік бөлінуді және туындаған әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Қазір Мемлекет басшысы алға қойған барлық міндетті жедел және сапалы орындау үшін барлық ресурсты жұмылдыру өте маңызды.

Есеп комитеті өз тарапынан биыл бекітілген тізбе шеңберінде экономиканың жүйе құраушы және маңызды салаларының тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жалғастырады. Атап айтқанда, Ұлттық қор трансферттерінің пайдаланылуын бағалау, мұнай өнімдеріне баға белгілеудің негізділігі және басқалары бойынша аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу жоспарланған, – деді төрайым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама