11,1 млн теңге: Алматы шенеуніктері зымыран қозғалтқыштарын аукционға шығарды

Еркеғали Болатұлы

Бағалау есебінде зымыран қозғалтқыштарының жарылғыш заттарға жатқызылғаны айтылған

фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының мемлекеттік активтер департаменті әдеттен тыс лотты саудаға шығарды. EdeProd.o.o фирмасының серб өндірісінің 10 G-0001 зымыран қозғалтқышы 11,1 млн теңгеге бағаланған.

Лот мемлекеттік мүліктің электронды сауда сайтында пайда болды. Бағалау есебінде зымыран қозғалтқыштарының жарылғыш заттарға жатқызылғаны айтылған. Олар 2018 жылы шығарылды. Ұшу қашықтығы 40,2 шақырым.

Orda.kz сайтының хабарлауынша, аукцион 5 шілдеде өтуі керек еді, бірақ қатысуға ешкім өтініш бермегендіктен, сату жүзеге аспаған. Бұл аукциондарды өткізу ережелеріне сәйкес оларға тек мемлекеттік органдар ғана қатыса алатынын айта кеткен жөн. Шенеуніктер зымырандарды жеке тұлғаларға сатқысы келмеді.

Еске сала кетсек, биыл наурызда Арыс қаласындағы қоймалардағы оқ-дәрілерді кәдеге жаратумен айналысатын «Қазтехнология» АҚ тротилдің тоннасын небәрі 26 мың теңгеге сатып жіберген болатын.