Halyq Uni логотип
×

Қаржының офшорларға кетуіне жол бермейміз - Тоқаев

Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесті

 Халық үні 21.01.2022 | 16:00
Қаржының офшорларға кетуіне жол бермейміз - Тоқаев
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнесмендермен кездесуінде оларды қаржысын өз елімізге салуға шақырды.

Сіздер, болашақтарыңызды Қазақстанмен байланыстыратын болсаңыздар, онда қаражаттарыңызды өз елімізге салыңыздар. Бұл – cіздердің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершіліктеріңіз. «Мұнда табыс табамыз, ал басқа жерде жұмсаймыз» деген қағидатқа жол берілмейді. Сондықтан жұмыс екі бағытта жүргізіледі: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне жол бермейтін тосқауылдар қою, – деді Президент.

Одан бөлек ірі кәсіпорындардың салық төлеу және есеп беру мәселелерін ретке келтіру қажеттігі туралы айтылды.

«Ірі компаниялардың салық төлеуі – күрделі мәселе. Қолымызда түрлі себептерді сылтауратып, салықты толық төлеуден жалтарып отырған алпауыттар жөнінде арнаулы органдар ұсынған мәліметтер бар. Премьер-министрге осы мәселені түбегейлі шешуді және қазынаны тиесілі қаражатпен қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама