Тоқаев еліміздегі ірі бизнесмендермен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ірі кәсіпкерлермен кездесуінде Үкіметке шағын және орта бизнеске қатысты қатаң каратиндік шаралардың тиімділігін зерделеуді тапсырды.
Президенттің айтуынша, бүгінде шағын және орта бизнес баяу дамып жатыр. Ал карантиндік шектеулер кәсіпкерлікті шектеп қана қоймай, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара сенімді төмендеткен.
Коронавирустың жаңа штамы – «Омикрон» жалпыға ортақ құбылысқа айналып бара жатқан сияқты. Онымен көбісі ауырып шығатын шығар. Біз осындай шешімге келдік. Олай болса, шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантиндік шаралар, әсіресе, қызмет көрсету саласы үшін қаншалықты тиімді болады? Одан нақты нәтиже шыға ма? – деді Тоқаев кәсіпкерлермен болған кездесуде.
Тоқаев карантиндік шектеулер кезінде шағын және орта бизнесті тұншықтырмай, барлығына бірдей жағдай жасау керектігін айтты.