«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің құрылтайшысы іздестіріліп жатыр

Еркеғали Болатұлы

Оны көрдім-білдім дегендерге 4 мың АЕК-ке дейін сыйақы беріледі

коллаж: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.

Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова күдікке ілікті.

Оған іздеу жарияланып, сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Агенттік Шынар Мұқтарованың орналасқан жері туралы ақпарат болса, +7 (7172) 909 260 телефон нөміріне және 1424 call-орталығына хабарласуды сұрайды. Көрдім-білдім дегендерге 4 мың АЕК-ке дейін сыйақы беру көзделген.