×

1,3 трлн теңгенің активі қайтадан экономикалық айналымға енеді

Бұғатталған активтердің 54%-ы экономикаға жұмыс істейді

 Динара Амантай 30.06.2022 | 12:27
Фото: kaz.orda.kz

Барлық бұғатталған активтің 54 пайызы экономикамызға жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

Елдің бүкіл қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында стрестік активтердің деңгейін төмендету жөніндегі заңнамалық база қалыптасты. Осының арқасында, барлық бұғатталған активтің 54 пайызы экономикамызға жұмыс істейтін болады. 1,3 трлн теңгенің активі қайтадан экономикалық айналымға енеді. Сақтандыру нарығы, бағалы қағаздар нарығы, банк қызметі мәселелері жөніндегі заң халық үшін жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуын, автомобильді сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібін жеңілдетуді қарастырады, – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар ол саяси жүйені жаңғырту аясында азаматтық қоғамды, қайырымдылықты және волонтерлік қызметті дамыту мәселелерінің өзектілігі арта түскенін айтты.

«Бұл үшін заңнамалық тұрғыда стратегиялық әріптестіктің жаңа тетігі енгізілді. Коммерциялық емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру рәсімдері жеңілдетілді. Азаматтарды волонтерлік қызметке және қайырымдылыққа қатысуға ынталандыру шаралары қарастырылды», - деді Мәжіліс төрағасы.

Ексе сала кетсек, бұдан бұрын Парламент депутаттары каникулға кеткенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама