Halyq Uni логотип
×

Дариға Назарбаеваның күйеуі шағала қырылған Қашағанды мемлекет меншігіне өткізді

Шәріпбаев QazaqGaz басшысы қызметінен кеткеннен кейін компанияда 2,2 млрд доллардың заң бұзушылықтары анықталған

 Еркеғали Болатұлы 29.06.2022 | 16:37
Дариға Назарбаеваның күйеуі шағала қырылған Қашағанды мемлекет меншігіне өткізді
фото: ашық дереккөз

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан «GPC Investment» ЖШС мемлекет меншігіне өтеді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Тау Береке Групп» ЖШС-нің «GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталындағы акцияларының 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын, - делінген Үкімет қаулысында.

GPC Investment компаниясының «Қашаған кен орнындағы шикізат негізінде қуаттылығы 1,15 млрд текше метр газ өңдеу зауытының құрылысы» жобасының операторы екені атап өтілді.

«Жеке инвестор жобаны жүзеге асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты GPC Investment компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ балансына өтеді. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты халықты қолжетімді бағадағы тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысы жобасын дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, газ өңдеу зауытының құрылысымен Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың адамы айналысқан. Ал Шәріпбаев QazaqGaz басшысы лауазымын Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін босатқан болатын.

2 маусымда Назарбаевтың күйеу баласы компания басшысы қызметінен кеткеннен кейін 14 қаңтарда «ҚазТрансГаз» басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалған QazaqGaz бұрынғы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ибулла Серді хабарланған болатын. Алайда ол бұл қызметті ұзақ атқарған жоқ, 22 ақпанда QazaqGaz-ды Санжар Жаркешов басқарды. Бір қызығы, Ибулла Сердіні басқалармен қатар «Шәріпбаевтың жүргізушісі» деп атаған. Оның соңғы 20 жылда Назарбаеваның күйеуінің командасында маңызды қызметтер атқарғаны белгілі.

6 маусымда Шәріпбаев QazaqGaz басшысы қызметінен кеткеннен кейін компанияда 2,2 млрд доллардың заң бұзушылықтары анықталған. Сондай-ақ кеше Қашаған кен орнында 5 мың шағала қырылып қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама