Елімізде жарнама агенттіктеріне деген сұраныс азайып кеткен

Еркеғали Болатұлы

Маркетингтік және талдамалық зерттеулерге сұраныс жоғары

фото: ашық дереккөз

Биыл жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызметтер көлемі 58 млрд теңге болды. Energyprom.kz мәліметінше, бұл көрсеткіш былтырғыдан 19,6 пайызға аз.

2022 жылдың 1-тоқсанында сектордағы көрсетілетін қызметтер көлемі 72,1 млрд теңгеге жетті. Ал сектордағы көрсетілетін қызметтер көлемінің құлдырауы жарнама агенттіктерінің қызметі саласындағы көрсеткіштердің күрт қысқаруына байланысты болып отыр.

Бұл ретте БАҚ-қа жарнама орналастыру саласындағы қызметтер көлемі 2,8 млрд теңгеге дейін өскен. Маркетингтік және талдамалық зерттеулерге сұраныс жоғары.

Өңірлік бөліністе жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы көрсетілетін қызметтердің ең көп көлемі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында көрсетіледі. Ал ең әлсіз көрсеткіш Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында байқалып отыр.