×

Үкімет утилизациялық алым бойынша қаулы қабылдады

ӨКМ операторының утилизациялық алымды басқару қызметі тоқтатылды

 Ербол Тұрымбет 19.01.2022 | 10:17
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Үкімет Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды.

«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді.

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайтын болды.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында автокөліктер үшін төленетін утилизациялық алымның мөлшерін қайта қарап шығуды тапсырды. Нақтырақ, Үкіметке утилизациялық алымды және «Оператор РОП-тың»сол утилизациялық алымды иелік етуін тоқтату бойынша тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.

Бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет. Ал алымның өзіне келер болсақ, оның мөлшерін қайта қарау қажет, - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама