Halyq Uni логотип
×

Brent маркалы мұнайдың бағасы 8 жылдан бері алғаш рет қымбаттады

Қазақстан үшін мұнай өндіру квотасы тәулігіне 1,556 млн баррель

 Ербол Тұрымбет 18.01.2022 | 12:22
Brent маркалы мұнайдың бағасы 8 жылдан бері алғаш рет қымбаттады
көрнекі фото: news.myseldon.com

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 87 долларға жетті. Осылайша, Brent мұнайының бағасы 2014 жылдың қазанынан бері алғаш рет қымбаттады.

Елорда уақытымен сағат 09:41-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,84%-ке қымбаттап, 87,31 доллардан сатылды. Бұл ретте WTI маркалы мұнай бағасы 1,3%-ке өсіп, 84,38 долларды құрады.

Еске салайық, 2021 жылдың желтоқсанында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін мұнай өндіру квотасы тәулігіне 1,556 млн баррельді құрады және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артады. Осылайша, 2022 жылдың қаңтар айына міндеттемелер тәулігіне 1,572 млн баррельді құрайды.

Сонымен қатар 2022 жылдың маусым айына дейін артық орындалған көлемдерді өтеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама