Halyq Uni логотип
×

«Соңғы сәтте естідік»: Сұлтанов Ресейдің қант экспортын шектейтінін білмей қалыпты

Бүгінде елімізде қанттың 1 келісі 600-900 теңгеге сатылып жатыр

 Дәурен Ерболат 23.06.2022 | 10:49
«Соңғы сәтте естідік»: Сұлтанов Ресейдің қант экспортын шектейтінін білмей қалыпты
Коллаж: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов шет мемлекеттермен неге қант саудасы бойынша кенеттен мәмілелер жасауға мәжбүр болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министр Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қант экспортына шектеу қою туралы шешімін тым кеш естігенін атап өтті.

Қантты зауыттар өндіреді. Олар қажетті шикізатты өздері сатып алады. Бірақ ол нарық коньюктурасына байланысты. Бүгінде нарық былай қалыптасып отыр. Біз импортпен келетін қанттың шамамен 70%-ын іргедегі Ресейден алып келдік. Себебі ол Бразилиядан қант тасығанға қарағанда әлдеқайда арзанға түсетін. Қант экспортының шектелетінін соңғы сәтте хабарлады. Сондықтан логистиканы өзгертіп жатырмыз, яғни мұнда ешқандай қате есеп болған жоқ, - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысынан соң.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама