Halyq Uni логотип
×

Биыл 3,2 трлн теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылады

Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен 40 жоба бар

 Дәурен Ерболат 23.06.2022 | 10:29
Биыл 3,2 трлн теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылады
Фото: Halyq Uni

2022 жылы Қазақстанда жалпы құны 3,2 трлн теңге болатын 306 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Ол биыл сәуірде президенттің тапсырмасы бойынша елімізде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы жасалғанын атап өтті.

Аталған пул тоқсан сайын жаңартылып, әкімдіктер мен министрліктер сайтында жарияланды. Бүгінде пул жалпы көлемі 24,4 трлн теңгені құрайтын 765 жобадан тұрады және 112 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді, - деді министрдің орынбасары.

Ол бұл жобалардың көбі 2025-2026 жылға дейінгі кезеңді қамтитынын жеткізді.

«2022 жылы 3,2 трлн теңгеге 306 жоба пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен 40 жоба бар. Енгізілетін жобалардың ішінде араб инвесторларының Нұр-Сұлтанда көпфункционалды кешен салу, Қарағанды облысында «Татнефть» компаниясының шина зауытын салу, Ақтөбе облысында 48 МВт жел электр стансасының екінші кезеңін жүргізу бойынша ENY General Electric жобасы, баламалы электр көздері бойынша ШҚО, Алматы, Түркістан, Ақтөбе облыстарында 5 жоба іске асырылады», - деді Алмас Айдаров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама