×

Қазақстан шетелден 25,5 млрд доллар инвестиция тартпақ

Тұжырымдама 45 нақты іс-шарадан тұрады

 Дәурен Ерболат 23.06.2022 | 09:26
Коллаж: Halyq Uni

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жаксылықов Қазақстанның 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Концепцияны Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Дүниежүзілік банктің қатысуымен мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындаған.

Тұжырымдама жобасында көзделген негізгі нысаналы индикаторлар – негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге 25,1%-ға дейін жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 2026 жылдың өзінде 25,5 млрд долларға дейін арттыру, - деді министр Үкімет отырысында.

Тимур Жаксылықовтың айтуынша, тұжырымдама жобасы негізгі үш бағыт бойынша құрылымдалған жүйелі сипаттағы 45 нақты іс-шарадан тұратын іс-қимыл жоспарын қамтиды:

  • 1️. Ашық және болжамды инвестициялық саясатты қалыптастыруға бағытталатын инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту.
  • 2️. Жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу.
  • 3️. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу.

Отырыста 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасының жобасы бекітілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама