×

Ресейде жұмыссыздар саны көбейіп жатыр

Елде шетелдік компаниялар жұмысын тоқтатуда

 Дәурен Ерболат 21.06.2022 | 14:23
Фото: ТАСС

РФ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Антон Кобяков елде жұмыссыздар саны артып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Интерфакс» ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, биыл маусымнан бастап жұмыссыз қалған ресейліктер саны артып жатыр. Осыған дейінгі көрсеткіш 660-680 мың аралығында болған.

Еңбек нарығындағы шиеленіс біртіндеп ушыға түседі, - деді Антон Кобяков Федерация кеңесі әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында.

Министр бұл жағдайды бірқатар шетелдік компанияның Ресей нарығынан кетуімен байланыстырды. Оның айтуынша, Үкімет еңбек нарығындағы жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін шаралар қабылдап жатыр. Ол өз нәтижесін берген, бірақ кәсіпкерлерге қысым жалғасуда.

«Біз шетелдік азаматтың қатысуы бар компаниялардың нарықтан шығуының екі нұсқасын көріп отырмыз. Біріншіден, бұл компания иесінің өзгеруі… Мұндай жағдайда біз жұмыспен қамту орталықтары мен Ресей Федерациясының субъектілері тарапынан жаңа меншік иесіне ұжымды сақтауға, мамандарды қайта оқытуға, технологиялық тізбектер құруға көмектесеміз. Мысалы, жұмысын тоқтатқан компаниялар да бар. Мұндай жағдайда біз нақты азаматпен жұмыс істейміз», - деп түйіндеді сөзін Антон Кобяков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама