×

Елімізде 750 шенеуніктің жемқорлық қылмысы әшкереленді

Алты айда ақша жымқыруға қатысты 1200 іс қозғалған

 Динара Амантай 20.06.2022 | 16:59
Фото: liter.kz

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, алты айда 1 200 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс қозғалып, 750 лауазымды тұлғаның қылмысы әшкереленді. Президентке қылмыстық істерді тергеу барысы және келтірілген шығынды өтеу шаралары жөнінде ақпарат берілді. Сонымен бірге елден заңсыз жылыстатылған қаржы активтерін қайтару туралы да айтылды, – делінген хабарламада.

Олжас Бектеновтің айтуынша, аталған шаралар аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, Президенттің тапсырмасына сәйкес Агенттік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шенеуніктердің бизнеске заңсыз араласуын болдырмау жөніндегі қорғау тетіктері бойынша шаралар кешенін әзірледі.

 Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын күшейтуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама