×

Ұлттық қордың 4,5 трлн теңгесі жұмсалып, 4,3 трлн теңге ғана кіріс түскен - Годунова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай отыр

 Дәурен Ерболат 20.06.2022 | 12:18
фото: ашық дереккөз

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова республикалық бюджет Ұлттық қордағы қаражатқа әлі тәуелді болып отырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Ұлттық қор болашақ ұрпақ үшін жинақтарды қалыптастыру және бюджеттің әлемдік нарықтағы жағдайға тәуелділігін азайту арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу мақсатында құрылған.

«Алайда 2015 жылдан бастап Ұлттық қордағы қаражатты белсенді түрде пайдаланып жатырмыз. 2019-2020 жылдарды айтпаймыз. Себебі, пандемияға байланысты дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыру қажет болды. Алайда 2021 жылы жағдай айтарлықтай жақсарды», - деді Наталья Годунова Парламент палалатарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай отырғанын жеткізді.

Президенттің республикалық бюджет Ұлттық қор қаражатына сүйенбеуі тиіс деген тапсырмасына қарамастан, 2021 жылы қордың 4,5 трлн теңгесі жұмсалды. Ал қорға түскен қаражат көлемі – 4,3 трлн теңге. Заңнамаға сәйкес трансферттерді бөлу тұжырымдамада көзделген бағыттарға ғана қамтамасыз етілуі тиіс. Ал 30% қалдыққа қол сұғылмауы тиіс, - деді Есеп комитетінің төрайымы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама