Алматы әкімдігі бір бағдарлама бойынша 1,7 млрд теңге қарызын өтемеген
Бағдарламаның өзіне байланысты да айтарлықтай мәселелер бар
Алматыда Art Sport бағдарламасы бойынша 1,7 миллиард теңге қарыз жиналып қалған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты.
Бұрын алған міндеттемелер бойынша қазір қарызымыз бар. Бірақ біз барлық қарызды өтейтін боламыз. Бүгінде ол шамамен 1,7 миллиард теңге болып тұр. Бастапқыда 45 мың, қазір 100 мың бала болуы керек болса, өтініштер толастар емес. Ең бастысы, Art Sport бағдарламасының өзіне байланысты да айтарлықтай мәселелер бар, - деді қала әкімі.
Оның айтуынша, бағдарлама орталық органдардың деректер базасымен біріктірілмеген.
«Біз өз міндеттемелерімізді орындаймыз. Жазғы каникул кезінде қаржыландыру мәселесін шешеміз. Содан кейін Мәдениет және спорт, Оқу-ағарту министрліктеріне премьер-министр әзірлеуді тапсырған жаңа ережелерге көшеміз», – деді Ерболат Досаев.