×

«Сабақ оқып, ақша тап». Елордада үздік стартап жобалар анықталды

Байқаудың жүлдеқоры – 8 млн теңге (18 мың доллар)

 Дәурен Ерболат 16.06.2022 | 18:12
Фото: Дәурен Ерболат

Нұр-Сұлтанда Astana Hub Blockchain Battle конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Байқаудың жюри мүшесінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Жасұлан Мәдиев, инвестор Бақыт Ниязов, White Hill Capital компаниясының басшысы Аслан Сұлтанов, RACE Protocol Foundation компаниясының негізін қалаушы Артем Сачко, Цифрлық құқық орталығының негізін қалаушы Ермек Рүстембекұлы, Finance бизнесті дамыту жөніндегі директор Рауан Сағидулла болды.

Бақыт Ниязов елімізде блокчейн технологиясын дамыту маңызды екенін атап өтті.

Бүгін байқауға қатысқан жас командаларды көрдім. Олардың жеңіске жетуге мүмкіндігі болды. Олар жаңа өнім жасай алады деген үміттемін. Біз жеңімпаздары дауыс беру арқылы анықтадық. Нәтижесінде болашағы бар деген жобаларға қолдау көрсеттік. Барлығымыз блокчейнға сенеміз. Ұлттық банк бұл салаға сенім арта бастады. Оның болашағы зор деген үміттемін, - инвестор.

Оның пікірінше, конкустағы стартаптар бизнес моделін дұрыс құра алса, олар ақша таба алады.

Биыл Astana Hub Blockchain Battle конкурсына 14 жоба қатысты. Нәтижесінде төмендегі стартаптар жеңіске жетті:

  • 1. FocusED now – 10 мың доллар (4 млн 447 мың 105 теңге), бұл мобильді қосымшада оқушылар түрлі тапсырма орындап, түрлі сыйлықтар немесе ақша ала алады.
  • 2. Obscura – 5 мың доллар (2 млн 223 мың 552 теңге), қазақстандық суретшілермен бірлесіп, NFT Drops көмегімен жойылып бара жатқан жыртқыш құстардың түрлерін сақтауды көздейтін әлеуметтік стартап.
  • 3. Mentor – 3 мың доллар (1 млн 334 мың 131 теңге), Game-Fi және Social-Fixer элементтері бар білім беру платфомасы.

Жеңімпаз Бақытжан Жакажановтың жобасы балаларға сабақ оқуға мотивация береді.

Оқушылар FocusED now мобильді қосымшасын пайдаланып, балл жинайды. Осылайша, түрлі сыйлықтарға ие болады. Сыйлықтарды демеушілеріміз береді, ал 2023 жылдың ортасынан бастап, оқушылар сабақ оқып, блокчейн жүйесіндегі токендерді жинап, кейін оны ақшаға айырбастай алады. Оқушылар сабақ оқып, ақша таба алады, - деді Бақытжан Жакажанов.

Сондай-ақ ол ұтып алған ақшасын қайда жұмсайтынын айтты.

«Пайдаланушылар саны артқан сайын FocusED now-дың да құны арта түседі. Қазір жобамыздың құны – 700-800 мың доллар. Сондықтан ұтып алған 10 мың долларды жобаны дамытуға жұмсаймын»,  - деп түйіндеді сөзін жобаның авторы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама