Елімізде алтын кен орны аукционнан алынады
Кен орны Шығыс Қазақстанда орналасқан
Елімізде «Сугатовское» алтын кен орны аукционнан алынады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтында және minerals.e-qazyna.kz-те құрамында қатты пайдалы қазбалары бар 26 кен орны бойынша электронды аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланды.
Сол кен орындарының бірі – алтын қоры бар «Сугатовское» кен орны.
Бүгінде бұл кен орны бойынша сот даулары өтіп жатыр. Осыған байланысты «Сугатовскоены» аукционнан алу туралы хабарлаймыз», - деп жазылған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі таратқан хабарламада.