Қазақстанға Ресейдің 21 аймағынан шошқа еті қайта жеткізілетін болды

Халық үні

Мөрленген көліктерде шошқа еті мен одан өндірілген өнімдердің транзитіне рұқсат берілді, - делінген хабарламада

фото: yandex.com

Қазақстан 20 желтоқсаннан бастап Ресейдің 21 аймағынан шошқа етінің транзитіне рұқсат берді, деп хабарлады Halyq Uni «Россельхознадзорға» сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстан африкалық обаның тіркелуіне байланысты, Ресейден шошқа өнімдерінің импорты мен транзитіне шектеулер енгізген болатын.

«Россельхознадзор» жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша, Қазақстан тарапы 2024 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Ресейдің 21 аймағынан ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарын сақтай отырып, мөрленген көліктерде шошқа еті мен одан өндірілген өнімдердің транзитіне рұқсат берді, - делінген хабарламада.

Бұл ретте Марий Эл Республикасы, Удмуртия, Чувашия, Краснодар, Приморск, Ставрополь, Хабаровск өлкелері, Владимир, Волгоград, Воронеж, Иваново, Киров, Курск, Пенза, Ростов, Рязань, Самара, Амур, Тверь және Тула облыстары, Ханты-Манси автономиялық округі – Юградан транзитке рұқсат берілді.