Ол мыңдаған малды бордақылауға арналған
Батыс Қазақстан облысында қуаты 15 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңы іске қосылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, «Терра Ақжайық» ЖШС БҚО-да қуаты 15 мың бас ірі қара малды бір мезгілде бордақылайтын алаңды іске қосты.
Австралия сарапшылары 2024 жылдың қаңтарында кешенге келді. Олардың сараптамалық ұсыныстары негізінде шаруашылықты кешенді қалпына келтіру мен 15 мың басқа кеңейту жұмыстары жүргізілді. Кешен қарашада шаруашылықтардан бұқашықтарды қабылдай бастады, – деп қосты ведомство.
Жаңа нысанның ашылуы мал шаруашылығын дамытуға және өңірде жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Алдағы жылдары инвестор ет өңдеу кешенін іске қосуды жоспарлап отыр.