Статистика жарияланды
Қазанда 170,4 мың автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы қазанда 170,4 мың автомобиль есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% көп.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген көліктер саны 5 652,4 мыңды құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автокөліктер, 9,9% – жүк автомобильдері мен 2,1% – автобустар, – деп қосты бюро.
Сонымен қатар, тіркелген жеңіл көліктердің жалпы санының қозғалтқыш көлемі бойынша ең көп үлесі (43,9%) 1500-2000 см3 көлеміндегі жеңіл автокөліктеріне тиесілі. Қозғалтқыш көлемі 1500 см3 дейінгі жеңіл көлік үлесі – 19,3%, 2000-2500 см3 аралығында – 17,4%, 2500-4000 см3 – 14,9%, 4000 см3 жоғарылар – 1,9%.
Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см3 аралығындағы жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 232,9 мың, Алматы – 217,4 мың және Астана қалаларында – 168,7 мың, сондай-ақ, Қарағанды облысында – 158,2 мың.