Halyq Uni логотип
×

Ұлттық банк жаңа монеталарды айналысқа шығарады

Тағы бір ерекше монеталар шығарылмақ

 Қымбат Елтайқызы 18.12.2024 | 09:00
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналысқа шығарады
фото: Halyq Uni

Ұлттық банк AIÝ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясының AIÝ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Күмістен жасалған 1 000 теңгелік, сондай-ақ мельхиор қоспасынан жасалған 500 және 200 теңгелік AIÝ коллекциялық монеталарын 2024 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені kazcoins.nationalbank.kz арқылы сатып алуға болады. Монеталар «Қазпошта» АҚ арқылы жеткізіледі, – деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Номиналы 5 000 теңге болатын AIÝ коллекциялық монеталары 2024 жылғы 23 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкеніне kazcoins.nationalbank.kz сатуға шығарылады. Монеталарды сатып алушылар өздері алып кетуі керек.

AIÝ коллекциялық монеталары туралы

AIÝ (аю) – «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясының жетінші монетасы. Монета дизайнында жануардың табиғи және трафареттік бейнесі сақ стилінде үйлесім тапқан. AIÝ (аю) – күш-қуат пен табандылықтың, табиғатпен үйлесім табудың символы.

Монеталар

- 925 сынамалы күмістен жасалған; массасы – 777,5 грамм, диаметрі – 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар тасы бар, сапасы – proof, номиналы – 5 000 теңге, таралымы – 200 дана;

Күмістен жасалған 5 000 теңгелік монета

- 925 сынамалы күмістен жасалған; массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар тасы бар, сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3 000 дана;

Күмістен жасалған 1 000 теңгелік монета

- мельхиор (МН 25) қоспасынан жасалған; массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – рrооf-like, номиналы – 500 теңге, таралымы – 3 000 (үш мың) дана;

Мельхиордан жасалған рrооf-like сапалы монета 

- мельхиор (МН 25) қоспасынан жасалған; массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана.

Мельхиордан жасалған brilliant uncirculated сапалы монета

Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама