Биыл Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы қанша жүк тасымалданды?

Дәурен Ерболат

Жобаға 5 мемлекет мүше

Фото: rail-news.kz

Биыл 11 айда Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы 4,1 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкіметтің мәліметінше, 2024 жылғы 11 айда ТХКБ арқылы жүк тасымалының көлемі 63%-ға артып, 4,1 млн тоннаға жетті, ал контейнерлік тасымал көлемі 2,6 есе өсіп, 50,5 мың ЖФБ болды.

Биыл Транскаспий көлік дәлізінің үйлестіру орталығы іске қосылды. Ол инфрақұрылымды дамытуға және бағыттың функционалын кеңейтуге бағытталды. Жаңа платформа ТХКБ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмыс істейді. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы жеткізу мерзімін 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.

Жобаға Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қытай сияқты негізгі елдер мен компаниялар белсенді қатысып жатыр. Бұл ТХКБ-ның жаһандық сауда үшін маңызын айқындайды.