Halyq Uni логотип
×

Смайылов субсидия қаржысы қалай ұрланатынын айтты

Жауапты басшылар жауапқа тартылып жатыр

 Дәурен Ерболат 11.12.2024 | 12:00
Смайылов субсидия қаржысы қалай ұрланатынын айтты
Фото: Halyq Uni

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығында субсидия қаржысы қалай ұрланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Төрағаның айтуынша, ең ірі заңбұзушылықтар бойынша материалдар тергеу органдарына жіберіледі.

Мысалы, оңтүстік өңірлерде және Ұлытау облысында 1 мыңға жуық адам кәсіпкерлік ісіне 1,5 млрд теңге субсидия алды. Алайда, олар салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Сондай-ақ, Түркістан облысында (ауыл шарушылығының – автор) 15 субъектісі 225 млн теңгеге жоқ инвестицияға субсидия алған. Яғни, жалған шот-фактура жасалған. Абай облысында 2 кәсіпорын сатып алынбаған ауыл шаруашылығы техникасына 131 млн теңге субсидия алған. Осылайша, жалған ақпарат берген, – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Смайылов жауапты басшылар жауапқа тартылып жатқанын атап өтті.

«Біз ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті ауыл шаруашылығы басқармаларының 8 лауазымды тұлғасын әкімшілік жауапкершілікке тартып жатырмыз. Бұдан басқа, тағы да әкімшілікке тартылатын 320 адам бар», – деді төраға.

Бұған дейін ол 2,5 мыңнан аса нысан 5 млрд теңге субсидия алып, жұмысын тоқтатқан деген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама