2025 жылы пәтер қымбаттай ма? Құрылыс министрлігі жауап берді

Дәурен Ерболат

Әлеуметтік тұрғын үйдің бағасы бақылауда болады

Фото: Halyq Uni

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов 2025 жылы тұрғын үйдің бір шаршы метрі қанша болатыны есептеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында министрдің орынбасарына «Келесі жылы тұрғын үй қымбаттауы мүмкін бе? Талдау жүргіздіңіз бе?» деген сұрақ қойылды.

Қуандық Қажкенов келесі аптада нақты баға белгілі болатынын жеткізді.

2024 жылы қазір әлеуметтік тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 300-350 мың теңге. Бүгінде баға орталығымен (центр ценообразования) бірлесіп, 2025 жылға бағаны қарастырып жатырмыз. Осы аптада баға белгілі болады. Ол бойынша баға осы диапазонда қалады. Қосымша ақпарат осы жұманың соңында шығады. Қазақстан бойынша құрылыс материалдарының бағасына қатысты ақпаратты жинаған соң толық ақпаратты берейік. Себебі, үйдің бағасы құрылыс материалдарына байланысты ғой. Қазір бағаға талдау жүргізіп жатырмыз, – деді вице-министр.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев доллардың қымбаттауына байланысты кейбір үйлердің бағасы өсуі мүмкін екенін айтқан еді.