«Наурыз» бағдарламасы: 10% cалып, дайын пәтерді ипотекаға алуға болады
Бүгінде пилоттық жоба Астанада іске асырылып жатыр
«Наурыз» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаның 10% cалып, дайын пәтерді ипотекаға алуға болады. Бұл туралы Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, 2025 жылы аталған бағдарламаға 300 млрд теңге бөлінеді. Бағдарламаға талдау жасау арқылы 2 мәселе анықталған.
Біріншіден, көптеген сатып алушы үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені, жөндеу жұмыстарына шығын көбейіп кетеді. Сондықтан банк Тұрғын үй құрылыс компанияларының қауымдастығымен бірқатар кездесу өткізді. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды. Сатып алушылар порталдағы пәтердің (бастапқы жарнаның) 10% салу арқылы (сатып алуға) келісім береді. Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.
Екіншіден, бағдарламаға қатысушы үшін салымшыда депозитте 1 млн теңге болуға тиіс. Конкурста жеңген салымшы аз уақыт ішінде пәтердің 20%-ын салуға тиіс. Қазір 2,5 мыңнан астам өтініштің 39%-ында ғана 20% болатын жарна бар. Сондықтан 2025 жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитінде 2 млн теңге болуын ұсынамыз. Бұл бағдарламаны іске асыруды тездетеді, – деді Ибрагимова Үкіметтің баспасөз орталығында.
Төраға бүгінде елордалықтардың «Наурыз» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаның 10% cалып, дайын пәтерді ипотека алуға мүмкіндігі барын жеткізді.
«Мысалы, 35 млн теңге тұратын дайын әрленген пәтердің бастапқы жарнасы 6 млн теңге емес, 3 млн теңге болады. Яғни, бастапқы жарна 10% болады. 19 қарашада (Baspana Market – автор) 35 млн теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерлерді орналастырдық. Олар – әрленген пәтерлер. Бұл – бас қалада іске асырылып жатқан пилоттық жоба. Мұны құрылыс компаниясы ұсынып отыр», – деді ол.