Halyq Uni логотип
×

Қытай туристері Шығыс Қазақстанның табиғатын тамашалай алады

Жаңа шекара өткелі ашылады

 Дәурен Ерболат 09.12.2024 | 16:36
Қытай туристері Шығыс Қазақстанның табиғатын тамашалай алады
Фото: ОКҚ

Алдағы уақытта Қытай туристері Шығыс Қазақстанның табиғатын тамашалай алады. Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, биыл өңірдегі туристік салаға тартылған инвестиция көлемі 23%-ға, қонақтарды орналастыру көлемі 50%-ға, демалушылар саны 20%-ға арнатқан.

Қытай тарапымен бірлесіп Марқакөл және Қанас (Қытай) көлдері арасында трансшекаралық туристік маршрут ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Ол үшін Марқакөл ауданындағы Теректі және Қытай жағындағы Ақтүбек ауылдары маңында жаңа шекара өткелін ашу және Марқакөл көліне дейінгі жол құрылысы мәселесі пысықталып жатыр, - деді Ермек Көшербаев.

Оның пікірінше, шығыстың табиғаты мен дәрігерлердің кәсіби әлеуеті облыста медициналық және санаториялық-курорттық туризмді дамытуға да мүмкіндік береді.

Мысалы, пантымен емдеу орындары облыстың брендіне айналған. Қазір үздік технологиямен жабдықталған және білікті кадрлары бар облыстық онкология орталығы өзге өңірлер мен шетелдіктерді емдей бастады, - деді облыс әкімі.

Бұған дейін биыл туризмнен 224 млрд теңге кіріс түскені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама