Halyq Uni логотип
×

Доллар қымбаттай ма? Сүлейменов жауап берді

Бүгінде доллар 525 теңге тұрады

 Дәурен Ерболат 05.12.2024 | 14:00
Доллар қымбаттай ма? Сүлейменов жауап берді
Фото: Halyq Uni

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сенат кулуарында төрағаға «1 доллар 600 теңге жете ме?» деген сұрақ қойылды. Сүлейменов қазіргі доллардың бағамын нарық өзі анықтағанын атап өтті.

Нарық тепе-теңдіктің жаңа мәнін тапты. Сондықтан қандай да бір іргелі сыртқы фактор мен ішкі факторлар өзгермесе, (доллар бағамы) тұрақты болады. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы экономиканың нақты көрінісі екенін атап өтемін. Экономика ашық, ДСҰ, ЕАЭО мүшесіміз, біз әлеммен белсенді түрде сауда жасаймыз, – деді ол.

Төраға әлемде болып жатқан жағдайлар теңге бағамына әсер етенін атап өтті.

«Мысалы, мұнай бағасы, алтын, уран, (АҚШ-тың) федералды резерв саясаты, жалпы осының бәрі бізге әсер етеді. Өйткені, біз ашық экономикада өмір сүреміз. Сондықтан бұл факторлар қолайлы болса, онда (доллар бағамы) тұрақты болады. Аталған факторлар күрт өзгерсе, онда бәрі болуы мүмкін. Менің ойымша, АҚШ-тағы (сайлауда – автор) кім жеңетіні белгілі болды. Енді олар экономикалық саясатты айқындады. Біз геосаяси дағдарыс бәсеңсіп, 2025 жылы Украинадағы соғыс қимылының қарқыны төмендейді деп үміттенеміз. Әртүрлі шектеу басты стратегиялық серіктесімізге әсер етеді. 2025 жыл 2024 жылға қарағанда жақсы болады деп үміттенемін», – деді Сүлейменов.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңге тағы құнсызданбас үшін қандай жұмыс істелінетінін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама